Galym Flash
Қадамдық сабақтар: оқып, тест тапсырып, дайын кодты Arduino-ға бір батырмамен жүктеңіз.
Идеяңызды кодпен іске қосып, нағыз роботқа айналдырыңыз.
Барлық қадамдар және платаға тікелей жүктеу — GALYM Flash бетінде.
Жүктеу үшін Google Chrome немесе Microsoft Edge қажет.
Қосымша бағдарлама орнатпай — тікелей браузерден.
Қадамдық сабақтар: оқып, тест тапсырып, дайын кодты Arduino-ға бір батырмамен жүктеңіз.
Өз кодыңызды жазып, компиляциялап, Arduino Uno/Nano платасына жүктеңіз.
Роботтың миы - сенсорлардан деректерді оқып, қозғалысқа арналған командаларды драйверге (мысалы, L298N) жібереді.
Инфрақызыл/басқа сенсорлардан сигнал қабылдайды.
Arduino IDE-де код жазбай-ақ, біздің платформа арқылы дайын бағдарламаны таңдап, тікелей Arduino-ға жүктей аласыз.
Сенсордың көрсеткішін моторға дұрыс командаға айналдырады.
Arduino Uno
Роботтың «көзі» — ақ және қара түстердің айырмашылығын анықтайды.
Беттің түсін анықтап, Arduino-ға сигнал жібереді.
Сызықты анықтау үшін роботтың төменгі алдыңғы бөлігіне орнатылады.
Сызықты бақылайтын роботтың негізгі сенсоры.
Инфрақызыл сенсор
Алдыңғы кедергілерге дейінгі қашықтықты өлшейді.
Ультрадыбыстық толқын жіберіп, қайту уақытынан қашықтықты есептейді.
Роботтың алдыңғы жағына орнатылады және Arduino-ға қосылады.
Кедергілерді анықтап, соқтығысудың алдын алады.
HC-SR04
Arduino мен моторлардың арасындағы байланысты қамтамасыз етеді.
Сигналдарды күшейтіп, моторлардың бағыты мен жылдамдығын басқарады.
Қозғалтқыштар драйверге, драйвер Arduino мен қорекке қосылады.
Arduino моторларды тікелей басқара алмайды.
L298N драйвері
Екі мотор және дөңгелектер роботтың қозғалуын қамтамасыз етеді.
Электр энергиясын механикалық қозғалысқа айналдырады.
Мотор драйверіне қосылады, Arduino арқылы басқарылады.
Қозғалтқышсыз робот қозғала алмайды.
Тұрақты ток қозғалтқышы
Барлық бөлшектерді бір-бірімен электрлік тұрғыдан байланыстырады.
Сигнал да, ток та бір сым арқылы өтеді. Сигнал — қуат емес, ол сымдағы кернеу деңгейінің өзгерісі. Сенсор күйін ауыстырғанда кернеу 5V немесе 0V болады. Қабылдағыш осы деңгейдің айырмасын көріп, оны мәлімет ретінде оқиды.
Arduino, сенсорлар және драйвер арасындағы контактілерге тікелей жалғанады.
Сымсыз ешбір бөлшек бір-бірімен «сөйлесе» алмайды.
Джампер сымдары
Жүру, айналу және дрифт режимдерін қолданып көріңіз.
Жинақты қолыңызға алғаннан кейін оқу жолы мен платаға тікелей жүктеу сізге ашылады. Тапсырыс беру немесе сұрақ қою үшін бізге хабарласыңыз.
Хабарласу →